Ұлы Жеңіс: Ерлік пен тарих сабақтары

Бүгін, 2025 жылғы 25 сәуірде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тақырыбы: “Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі”.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің әскери ғылым өкілдері, тарихшы ғалымдар қатысты.

Сенат депутаты Галиаскар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Мәжіліс депутаты Болат Керімбек ҰОС батырларының ерлігі мен оларды қастерлеу бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстар тұралы баяндама жасады.

Іс-шараның мақсаты — Ұлы Жеңістің тарихи маңыздылығын дәріптеу, соғыс батырларының ерлігін ұрпақ жадында сақтау және ғылыми тұрғыда зерттеу. Осы мақсатта М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі директоры, тғд Сейдехан Әлібек, ғалым, полковник А.И.Исмаиловтың ғибратқа толы ғұмыры тұралы баяндама жасады.

Басты баяндамалар:

• ҰОС батырларының ұлт тарихындағы орны;
• Қазақстанның халқының жеңіске қосқан үлесі;
• Соғыс кезіндегі әйелдердің рөлі;
• Батырларымыздың ерлігіне тағзым ету және оны келер ұрпаққа үлгі ету мәселелері қарастырылды.

Конференция жоғары деңгейде өтті. Ұлы Жеңістің тарихи мәні мен тағылымын тереңнен ұғынуға жағдай жасаған осы Халықаралық конференцияның өтуіне жағдай жасаған Ұлттық қорғаныс Университеті басшысы, генерал-майор Асқар Досбосынұлына алғыс білдіремін.

Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі!
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.