Жаңалықтар
ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан – адалдық алаңы» жобасының «Парасаттылық мектептерін» ашу бойынша өткізілген мәжілісінің 2019 жылғы 23 қазанындағы №1 хаттамасының негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Білім алушылар мен оқытушы құрам арасында адалдық, әділдік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында ашылған мектепке жетекші болып әлеуметтік педагог А.Б.Бейсенбаева және «Ізгілік елшілері» еріктілер клубының құрамы жасақталып, бекітілді. Ал «Ізгілік елшілері» еріктілер клубының жетекшісі болып шет тілі пәнінің оқытушысы Т.Жақсылық сайланды. Аталмыш мектептің ұйымдастыруымен қараша айында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті. Жиында сыбайлас жемқорлық және онымен байланысты ұғымдар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері туралы пікірлер айтылды. Сонымен қатар «Ізгілік елшілері» еріктілер клуб мүшелері барлық колледждер арасында өткен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» флешмобқа бейнеролик жолдап, әлеуметтік желілерде жариялады. «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» деген тақырыппен ашық сұхбат болып өтті. Колледж әкімшілігі қатысқан пікірсайыс алаңында фейсбук желісінен тікелей көрсетілім жүргізілді. Шығармашыл атмосфераның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлық табиғаты және оның алдын алу» құқықтық оқыту шаралары жүзеге асырылып, «Пара – нәсіп болмайды» деген атаумен Шымкент қаласының діни басқармалар мен бірлестіктің жетекшісі Абулхайров Имайл мырзаның қатысуымен тәрбиелік және рухани үлгідегі кездесу болды. «Біз саналы жастармыз – болашақты жемқорлықсыз бастармыз» деген ұранмен аталмыш клуб мүшелері бейнеролик түсіріп, оны барлық әлеуметтік желілерге жолдады.