«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» коучингі
13.02.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында коучинг өтті. Коуч колледж педагог-психологы М.Е.Исмайлова. Коучингке М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директоры т.ғ.д. профессор С.Н.Әлібек, Университет әйелдер кеңесінің төрайымы
Л.М. Сатаева, әйелдер кеңесінің хатшысыА.Мамыр,«Құрылыс факультетінің» аға тәлімгері М.А.Мусантаева және колледж оқытушылары мен білімгерлері қатысты.Коучингті «Ұлы дала» күйімен Момбай Диaс ашты. Коучинг барысында «Аналар» «Әкелер» және «Жастар» топтарына біріктірілді. Бірінші тапсырма бойынша «Аналар» қауымы «отбасындағы ананың рөлін», «Әкелер» «отбасындағы әкенің рөлін» және «Жастар» «отбасындағы баланың рөлін» постермен қорғап шықты. Сонымен қатар
ТК-18-9к студенті «Әкенің отбасындағы рөлі» Сұлтан Аружан және ҚР-17-8Кстуденті Ерсінханова Дияна «Ананың отбасындағы рөлі»тақырыбында баяндама жасады.«Отбасындағы баланың рөлі» «Анама» атты бейне ролигін тақырыпты ашып, көрермендердіңжүрегіне қуаныш пен жылылық сыйласа, АЖн-18-14К тобының студенті Алтынбек Назыгүлдің «Анам мен әкем» әні түйіндеді. «Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша аналар, әкелер және жастар қауымы «Бақытты отбасының стратегиясын» құрып, өз ойларымен бөлісті. Колледж жастарының «Бір үйдің баласындай» әні коучингтің шырайын келтірді.