«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ЖАС МАМАНДАРЫ»
11.02.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің колледжінде «Ақпараттық жүйелер технологиясы және гуманитарлық пәндік-әдістемелік бірлестігінің «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ЖАС МАМАНДАРЫ» тақырыбында онкүндігінің ашылуы болып өтті. «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ЖАС МАМАНДАРЫ» тақырыбындағы онкүндік«Жастар жылының» аясында ұймдастырылды. Онкүндіктің мақсаты: ұлттық рухы биік,адамгершілігі жоғары, елінің өткенін құрмет тұтып ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті және жаңашыл жастарды тәрбиелеу. Онкүндіктің алғашқы сөз кезегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің колледжі оқу бөлімінің меңгерушісі Тәліп Ержан Дүсебекұлына берілді.Сонымен қатар онкүндіктің мақсаты және іс-шаралар жоспарымен «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің меңгерушісі Асылбекова Гүлнұр Қожантайқызы таныстырса, ал «Ақпараттық жүйелер технологиясы және гуманитарлық пәндер ПЦК төрайымы» Алменова Феруза Бөгенбайқызы профессор, білім саласының құрметті азаматшалары, жоғары санатты және магистрант оқытушылар жастарға ашық сабақтар мен психологиялық тренингтер, кездесулер және коучингтер өтетіндігін айта кетті.
АЖн-18-14К тобының студенттері АлтынбекНазыгүл«Ұлт көсемі» әнімен көркемдеп,Сауатбек Шұғыла «Ұйғыр» биімен сахнаның сәнін келтірді. Кештің шырайын АГн-18-11К тобының студенттері Асан Ернұр мен Жиенбай Сабыржан «Кең дала» әнімен келтірді. Ашылу салтанатына арнайы колледж белсенді жастары «ОҚМУ колледж» әнін сыйға тартты.