Мемлекеттік қызмет атауы

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" СТАНДАРТ

Өкілетті органның бұйрығы және күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20579 болып тіркелді.

Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі

Колледж ОҚУ (1 қабат, 107 кабинет)

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері

Бейсенбаева Айгул Беккаракызы

Раб.тел. 21-44-62

Байланыс номері:87075669464

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі

 Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:

      1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;

      4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс)

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Оқу жылының басында мерзімі 2 апта

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері

тегін тамақтануды беру туралы хабарлама.

 


3 бет. Барлығы: 3

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.