"Тамақтандыруды ұйымдастыру" ПЦК апталық
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 28.10.2025жж «Техникалық мамандықтар» ПЦК-лары бойынша «Шеберлікке жол-мамандыққа құрмет» атты апталықта «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бірнеше іс-шаралар өткізді. 20.10 күні апталықтың ашылу салтанаты өте жоғарғы деңгейде өтті.
Оқытушылар құрамын «Auezov Times» газетімен күтіп алды, апта басы жақсы көңіл күймен басталды
Апталық барысында ашық сабақтар, шебер сыныптар, сайыс сабақтар өткізілді. Барлық іс-шаралар жоғарғы деңгейде, алдын – ала жоспарланып, бекітілген сабақ жоспарлары бойынша өтіп отырды. Іс-шараларға оқытушылар мен қатар білім алушылар де белсене қатысып, қойылған мақсат орындалды.
28.10.2025. күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» ПЦК-ның арнайы пән оқытушысы Жартай Шұғыланың ұйымдастыруымен «START UP сауда жобасы» жәрмеңкесі өтті. Жобаға Тамақтандыруды ұйымдастыру ПЦК-ның барлық білім алушылары толық қатысты.
28.10.2025 ж. күні «Тағамдардың есептік мәзірін құрастыру және есептеу» тақырыбында ТҰн-23-1к тобына арнайы пән оқытушысы Ешаева Эльмира Бақтыбаевнаның ашық сабағы өтті. Ашық сабақ барысында мәзірді құрастыру, тағамның өзіндік құнын есептеу және жалпы шығымды есептеулер жүргізілді. Ашық сабақ барысында студенттер панкейк, смузи және жеміс салатын дайындады. Дайындалған өнімдерге технологиялық карта жасалып, өнімнің өзіндік құны есептелді.
29.10.2025 күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Сопбекова Айгуль Нурланбековнаның ұйымдастырылумен «WSK-2026» байқауы өтті. Байқауға 4 топтан 4 білім алушы қатысты. Қатысушылар берілген тапсырма бойынша 3 модульді орындап шықты. Әрбір модульде белгілі тағам түрлері жазылған, қатысушылар сол тағамдарды дайындап төрешілерге ұсынды. Байқау нәтижесі бойынша ТҰ-25-1к тобының білім алушысы Толянбаева Диана бірінші орынды алды. ТҰн-23-1к тобының білім алушысы Тұрғанбай Арайлым мен ТҰн-24-2к тобының білім алушысы Абсағат Қанағат 2-ші орынды алса, 3-ші орынды ТҰн-24-1к тобының білім алушысы Нұрмахан Мейіржан алды.
29.10.2025 күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Есдаулетова Сауле Ералиевнаның ұйымдастыруымен аралас топтарға «Ас дәмі-ел дәмі» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сынып барысында «Гүл ханым» тағамы, қызылшадан салат, «Тюльпан» самсасының және трайфл десертінің жасалу ерекшеліктерін атап өтті.
Қорытынды сабақ топқа бөлініп ұйымдастырылған жарыс барысында өте тартысты,қызықты өтті. Студенттерге теориялық білім мен практикалық білім қатар беріліп, мамандықтары бойынша қызығушылықтары арта түсті.
 
                  
						 
                  
						 
                  
						















