"тілдер" пәндік цикл комиссиясы

06.11.2023--күні колледждің фойесінде, «Тілдер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Үш тілді меңгеру -уақыт талабы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.

 

16.11.23. «Ағылшын тілі және Орыс тілі» пәндік цикл комиссиясының  пән оқытушылары Ахмаханова А.Е, Құдайберген А.С., Арыстанова С.Д. ұйымдастыруымен және колледж білім алушыларымен «Travelling by Redbus» тақырыбында саяхат сабақ өткізілді. Пән оқытушысы саяхат барысында шырайлы қаламыздың тарихы құндылықтарымен таныстырды және ойындар мен викториналар өткізілді, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.

 

17.11.23ж«Тілдер» ПЦК-ның оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен  «Үш тілді меңгеру -уақыт талабы» тақырыбындағы апталықтың жабылуы салтанаты өтті. Салтанатта  әдеби-музыкалық іс-шара өткізілді. Білім алушылар  әсерлі де, қызықты өтуіне ат салысты.  Сонымен қатар, алғыс хаттар мен жүлделі сыйлықтар табысталды.. Салтанатты кеш өз мәресіне жетті. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ерболатовна  өте жоғары дейгейде өткендігі туралы айта келе, барша оқытушыларға және білім алушыларға алғыс білдірді.

 

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж “Тілдер” ПЦК-ның Қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы Кизбаева Жанар Қайратқызы апталық жоспарына сәйкес, ұйымдастырылуымен өтті. Серік Таласов мырзамен әйгілі кинофильмдер режиссеры колледж білім алушыларымен кездесіп, сұқбат беріп өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.