"Текстиль және дизайн" мен "Педагогикалық мамандықтар"
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Текстиль және дизайн” және “Педагогикалық мамандықтар” ПЦК-ларының “Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық” атты онкүндік апталықтың ашылуы.
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Текстиль және дизайн” ПЦК-лары апталықтың ашылу қарсаңында “Тоқыма станогының маңыздылығы” тақырыбында арнайы пән оқытушылары Тұрғанбай Жадыра және Хамит Элвира дөңгелек үстел өткізді.
Өткізілген күні: 28.02.2024ж
Өткізілген күні: 28.02.2024ж
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі “Педагогикалық мамандықтар” ПЦК-сының пән оқытушылары Азаматхан А.Ш, Құралбек А.Е. “Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау” тақырыбында сайыс сабақ өтті.
2024 жылдың 28 ақпан күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Текстиль және дизайн” және “Педагогикалық мамандықтар” ПЦК-ларының “Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық” атты онкүндік апталықтың аясында Колледж психологы А.Ә. Тәңірбергеннің ұйымдастыруымен “Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз! Буллинг, кибербуллингке жол жоқ!” атты психологиялық тренинг өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі “Текстиль және дизайн” ПЦК-сының арнайы пән оқытушылары Мейірам Н.Е, Маликова М.Ж., Ергешбаева А.А “Заманауи қол сөмкесін тігу және оған сурет басу үлгісін үйрену” тақырында шебер сынып өтті. Шебер сыныпта шопперге “жібек экранды басып шығару” (шелкография) әдісімен логотип енгізуді көрсетті.