Жаңалықтар
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау: «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау: «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбына арналып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталды»
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің акт залында, 09.09.2022ж. сағат: 11:00-де, осы аталған оқу-орынның оқытушылары және жас белсенді білім алушылар мен бірге, оқу-орын басшысы тарих ғылымының докторы Әлібек Сейдеханұлы сөз сөйлеп, Жолдаудың мақсатын атап өтті. Олар:
1.ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
2.НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
3.ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
4.МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
5.ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП осы аталған бағдарларды атап өтті.
Жоғары білім саласындағы реформаларды да осы бағытта жүзеге асыру турылы мәселелерді атап өтті. Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік болып табылатыны талқыға салынды. Өз ойларын ортаға салған: Қазақстан тарихы пәні оқытушысы, Досыбай Н.Ж. білікті ұстаз, профессор С.Қ.Серкебаев, басқада аға буын оқытушылар, АЖн-19-1к тобының 4 курс білім алушысы Қаржауов Медеу, Жолдауға байланысты пікірлерін ортаға салып, дөңгелек үстел барысында, жас белсенділермен пікір алмасты.
Жиын соңында, Президент Жолдауы бұл ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітіп,қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні ашық айтылды.
Сөз соңында, тарих ғылымының докторы Әлібек Сейдеханұлы оқу-орын белсенділері мен білім алушыларына, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.