Жаңалықтар
Танымдық экспедиция Әулие ата жерінен басталды.
Танымдық экспедиция Әулие ата жерінен басталды
Заңғар жазушы М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттерінің Абай облысына сапарының алғашқы күні Шымкент қаласынан 170 шақырым жердегі киелі Тараз шаһарынан басталды.
Мұнда экспедиция мүшелері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының тарихи нысандарына кіретін «Қарахан кесенесі», «Айша бибі» кесенесі, «Көне Тараз» археологиялық паркі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетін аралады. Арнайы гидтер әр тарихи нысанның тарихымен жете таныстырды.
Сонымен қатар ҚР ҰҒА академигі, М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма-Төрағасы-ректор Дария Пернешқызының бастамасымен ашылған Ж.Баласағұн атындағы музеймен танысып, кешқұрым университет ұжымы Тектұрмас баба тарихи кешенінде болды.
Студенттердің келесі елдімекені - Балқаш қаласы