Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабының тұсаукесері өтті.
«1 жыл 11 ай 3 күн» кітабының тұсаукесері
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабының тұсаукесері өтті. Аталған кітаптың авторы, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы – Қуандық Ермұханбет Әбдікерімұлы.
Еркін форматта өткен кездесуге желтоқсанға қатысушылар, тарихшылар, әдебиетшілер, тіл мамандары, журналистер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар, студенттер, кітапсүйер оқырмандар қатысты. Кездесу барысында автор өзінің кітабын қалай жазғандығы туралы, кітаптың мазмұнына тоқтала келе бастан кешкен оқиғалары жайлы баяндап берді. Кітап – Желтоқсан көтерілісін көзімен көріп, куәсі болған оқиғаларды боямасыз, нақты деректер арқылы жүйелі жеткізілген туынды. Автор түрлі сауалдарға жауап берумен бірге кітаптың неге «1 жыл 11 ай 3 күн» деп аталу ерекшелігін түсіндірді. Кітаптың тұсауы кесіліп, автор оқырмандарға және кездесуге қатысушыларға қолтаңба берді. Жалпы кітап желтоқсан көтерілісі туралы тарихи деректерге толы құнды мұра болмақ.