Жаңалықтар
М.Ауезов атындағы ОҚУ колледжінің акт залында Дз-19-1к тобының өндірістік шығармашылық практиканы қорғау болып өтті.
22.04.2022 күні ОҚУ колледжінің акт залында А.О. Сабденованың жетекшілігімен Дз-19-1к тобының “Трикотаж материалдарын өңдеу ерекшеліктері” тақырыбында тәжірибелік сабағында тігілген спорттық үлгідегі киім үлгілерінің көрсетілімі (дефиле) және 28.03.22-22.04.22 аралығында өткен өндірістік шығармашылық практиканы қорғау болып өтті. Практика Шымкент қалалық балет театры және ИП “Алия” ательесінде өтілді. Балет театрының директоры, опера дивасы Майра Мухамедқызымен танысып, тәжірибе алушыларға өнер- шеберлік жолында сәттілік тіледі. Театрдың бас суретші, дизайнер С.О. Дәулеталиеваға және ИП “Алия” ательесінің басшысы Н.Н.Ширшикбаеваға тігін саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге үлкен серпін беріп жетекшілік жасағандарына алғыс айтамыз!