Жаңалықтар
Ең бастысы-еліміздің тыныштығы.
Ең бастысы-еліміздің тыныштығы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қасіретті қаңтар сабағы» қоғам тұтастығы-тәуелсіздік кепілі тақырыбында сөйлеген сөзінде «Біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқандай жол бермеуіміз қажет. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген халқына шынайы ризашылығымды білдіремін! Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек ең бастысы береке-бірлікті, тыныштықты,тұрақтылықты сақтауымыз қажет»-деп атап көрсетті. Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!-деп Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың басшылығымен лаңкестер мен жаппай тәртіпсіздіктерді жою, қылмыстық әрекеттерді айқындау, мелекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жөніндегі пәрменді шаралар іске асырылды. Орын алған оқиғаларды зерттей келе жыл басынан бері орын алған жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. «Анығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын-ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру екендігі анық» - деді. Президентіміз сөйлеген сөзінде атап өтті.
СЕРКЕБАЕВ С.К. М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ.