Жаңалықтар
«Кәсіптің түбі-нәсіп»
Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» саласы бойынша «Сән технологиясы» құзіреттілік орталығының 2020-2021оқу жылының жұмыс жоспарына бойынша «Кәсіптің түбі-нәсіп»тақырыбында шебер сынып өткізілді.Шеберлік сыныпқа ҚО енген ТжКБ ұйымдарының оқытушылары қатысты.
1.Шебер сынып: «Акрил бояуымен киімге сурет салу әдісі»А.Б.Ахметова, магистр, арнайы пән оқытушысы.
2.Шебер сынып: «Ашық бортты бұйымдар үшін қайырма жағалардың сызбасын құрастыру.» А.О.Сабденова, магистр, арнайы пән оқытушысы
3.Шебер сынып: «Тік белдемшенің тігілу технологиясы»Н.Е.Мейірам, магистр, арнайы пән оқытушысы «Сән технологиясы» құзіреттілігінің техникалық сипаттамасымен, тапсырмалар модульдерімен таныстырып, жеке тақырып бойынша баяндама-презентациялар қорғап шықты. Сонымен қатар акрил бояуымен киімге сурет салу әдісінқолдана отырып,шыт матадан тігілген киімге акрил бояуымен сурет басу арқылы , сәнді киім шығаруды, ашық бортты бұйымдар үшін қайырма жағалардың сызбасын құрастыру технологиясын қолдана отырып, жағаның шығару жолдарын және тік белдемшенің тігілу технологиясы арқылы белдемшеге белбеуін қондыру жолдарын талдау жасалып тапсырмалары айқын көрсетілді.