Жаңалықтар
«Президент Жолдауы – жастарға бағыт, болашаққа бағдар»
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ЕАн-26-2к тобында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында тәлімгерлік сағат өткізілді.
Тәлімгерлік сағат барысында топ тәлімгері Заурбекова З.А. Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, онда көтерілген маңызды мәселелерді білім алушыларға жан-жақты түсіндірді. Жолдауда айқындалған ел экономикасын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылымды қолдау, заң мен тәртіпті нығайту, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру жөніндегі міндеттердің маңызы айтылды.
Іс-шара барысында білім алушылар Жолдаудағы жастарға қатысты бастамалармен танысып, еліміздің болашағын қалыптастырудағы жас ұрпақтың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. «Еліміздің дамуына жастар қандай үлес қоса алады?», «Білімді және еңбекқор ұрпақтың қоғамдағы орны қандай?», «Заң мен тәртіпті сақтау неліктен маңызды?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.

Қазақша
Русский
English 