ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН!

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН!

«Бағдарламалық қамтамасыз ету және жаратылыстану» ПЦК-сының «Цифрлық әлемге кемел біліммен» атты апталығы аясында, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күніне орай колледж студенттері арасында «Web Masters: кәсіби шеберлікке қадам» атты кәсіби шеберлік сайысы өткізілді.

Сайыстың басты мақсаты – студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы білімдері мен кәсіби дағдыларын жетілдіру, веб-бағдарламалау және веб-дизайн бағытындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік беру.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің сайт әзірлеу, веб-дизайн жасау және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану бойынша білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы студенттер өзара бақ сынасып, шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Амангелді Айбек Адилханұлы

ІІ орын – Ширинхан Данияр Мырзаханұлы

ІІІ орын – Нұрланұлы Саян

Жеңімпаздарды және сайысқа қатысқан барлық студенттерді құттықтаймыз! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, кәсіби жолдарыңызда жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Цифрлық болашақ – білімді ұрпақтың қолында!

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.