«Бағдарламалық қамтамасыз ету және жаратылыстану» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы өз жұмысын бастады!

«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН!»

М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде «Бағдарламалық қамтамасыз ету және жаратылыстану» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы өз жұмысын бастады!

Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ғылыми-танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру, заманауи технологияларды тиімді қолдануға баулу. Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологиялардың өзара байланысын көрсету арқылы студенттердің білімге деген құштарлығын арттыру.

Апталық аясында төмендегідей қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • Апталықтың салтанатты ашылуы;
  • «Цифрлық әлемге саяхат» танымдық және интеллектуалдық ойындары;
  • Математика пәнінен логикалық тапсырмалар мен зияткерлік сайыстар;
  • Физика пәнінен тәжірибелер мен ғылыми-танымдық көрсетілімдер;
  • Химия пәнінен қызықты зертханалық тәжірибелер;
  • Биология пәнінен танымдық викториналар мен зерттеу жұмыстары;
  • Информатика пәнінен IT-сайыстар, цифрлық тапсырмалар және алгоритмдік ойындар;
  • Бағдарламалау және заманауи цифрлық технологиялар бойынша практикалық жұмыстар.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.