Жаңалықтар
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Тұран ауданы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абдрайм Алиасқар Сабитұлы және Тұран ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Ұласбек Арнұр қатысты.
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік және жастар арасындағы құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері студенттерге заңға бағыну, тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде маңызды ақпараттар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз әрі саналы қоғам құруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. @turan_police

Қазақша
Русский
English 