Жаңалықтар
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты дебат

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушылары арасында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге, дәлелді сөйлеуге және қарсы тараптың пікірін құрметтеуге үйрету. Сонымен қатар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шешендік өнері мен зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделді.
Дебат барысында қатысушылар білім мен күштің адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, тақырыпты жан-жақты талқылады. Екі тарап та өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы пікірлерге жауап берді. Пікірсайыс барысында білімнің адамды биік белестерге жетелейтінін, ал күш пен білімнің үйлесімділігі табысқа жетудің маңызды жолы екенін атап өтті.
Іс-шара білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және өз көзқарасын сауатты қорғауға ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халық даналығының мәні терең екені тағы бір мәрте

Қазақша
Русский
English 