«Спорт – денсаулық кепілі!»

«Спорт – денсаулық кепілі!»
30 қазан күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің жатақханасында тұратын студенттер арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Спорттық ойын барысында студенттер белсенділік танытып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, күш-жігері мен командалық бірлігін көрсетті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Спорт – тек жеңіс пен жеңіліс емес, ол – бірлікке, тәртіпке және табандылыққа тәрбиелейтін өмір салты!
Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.