Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушылары өндіріспен танысты.

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушылары өндіріспен танысты.
Өндіріс пен білім: Әлеуметтік серіктестікке жаңа қадам!
2026 жылғы 5 қыркүйекте «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының бітіруші курс студенттері оқытушылар Есдәулетова Сәуле және Торманова Айзаттың жетекшілігімен «Шымкент Май» АҚ кәсіпорнына өндірістік экскурсияға барды.
Экскурсия барысында кәсіпорынның шикізат цехы бөлімінің басшысы Д. Сыздықов студенттерге кәсіпорынның өндірістік қызметі, шикізатты қабылдау және өңдеу үдерістері бойынша тәжірибелік сабақ өткізіп, өндірістің жұмыс барысымен таныстырды.Кездесу нәтижесінде студенттердің өндірістік іс-тәжірибесін кәсіпорын базасында өткізу бойынша келісімшарт жасау туралы ұсыныс қолдау тауып, «Шымкент Май» АҚ-пен әлеуметтік серіктестік орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар бітіруші түлектерді болашақта мамандығы бойынша жұмыспен қамту мүмкіндіктері талқыланып, осы бағытта өзара ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері қарастырылды.
Бұл – білім алушылардың теориялық білімін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби біліктілігін арттыруға және болашақ мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған маңызд

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.