Өнер – ұлттың рухани қазынасы

Өнер – ұлттың рухани қазынасы

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттері Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, қазақ мәдениеті мен дәстүрлі өнердің жанашыры, әнші әрі дәстүрлі ән орындаушысы Абылайхан Оспановпен тағылымды кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптеу және студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Кездесу барысында Абылайхан Оспанов қазақтың дәстүрлі әндері мен ұлттық өнердің ерекшеліктері жайында әңгімелеп, жастарға өзінің өмірлік тәжірибесі мен өнер жолы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қазақы әуезді әндерін орындап, студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тағылымды жүздесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өнер иесімен еркін пікір алмасты. Кездесу студенттерге ұлттық құндылықтарды бағалауға, өнерді құрметтеуге және мәдени мұраны дәріптеуге үлкен әсер қалдырды.

Мұндай рухани-мәдени кездесулер жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.