Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алу

Image
Image
Image
Image
Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алу

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттерімен Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкері Абдрайым Әлиасқар Сабитұлының қатысуымен «Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттерге:
  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
  • түнгі уақытта, сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрмеу талаптары;
  • буллингтің (әлімжеттіктің) алдын алу;
  • сталкингтің алдын алу және оның қауіптілігі;
  • дропперлік әрекеттерден сақтану;
  • оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
  • интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану мәселелері түсіндірілді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу соңында студенттер заң талаптары мен қауіпсіздік шараларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.