Жаңалықтар
Жатақханада тұратын студенттермен кездесу !
10 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы ОҚЗУ Әлеуметтік және Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы, колледж директоры Дархан Өтелбайұлы, сондай-ақ факультет декандары және Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ұшан Нұрдәулет Маратұлының қатысуымен №4 университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жатақханада тұратын студенттерге ішкі тәртіп ережелері, заң талаптары және «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жатақханадағы белгіленген ішкі тәртіп талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын қалыптастыру. @turan_apb_shymkent