Нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Баймурунова Раушан Асановнамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында маман нашақорлықтың адам ағзасына, психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің қалыптасу себептері, оның әлеуметтік салдары, жастар арасында кең таралып келе жатқан синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және олардан сақтану жолдары түсіндірілді.

Раушан Асановна жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ, есірткінің заңсыз айналымына байланысты заңнамалық жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, оның болашақ өмірге кері әсерін атап өтті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара соңында колледж әкімшілігі Баймурунова Раушан Асановнаға жастардың денсаулығын нығайтуға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды ақпаратпен бөліскені үшін алғыс білдірді. Кездесу қатысушыларға пайдалы әсер қалдырып, зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын көрсетті.
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.