Жаңалықтар
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Бүгін Рәміздер күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушылары сағат 09:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады. Іс-шара барысында студенттер мемлекеттік рәміздерге деген зор құрметін білдіріп, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің басты нышаны екенін ерекше атап өтті. Жастардың патриоттық рухын арттыруға бағытталған бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігі мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті.



