Жаңалықтар
«PROFSTART» жобасы аясында мектеп жастарымен кезектегі кездесу өтті
2026 жылғы 2 маусым күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің базасында «PROFSTART» жобасы аясында «№90 жалпы орта мектебі» КММ оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара колледждің кәсіби бағдар беру жұмыстары жоспарына сәйкес өткізіліп, білім алушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағытталды.
Кездесу барысында колледж мамандары мен оқытушылары мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқу орнының білім беру мүмкіндіктері, мамандықтар спектрі және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Шараның негізгі мақсаты – мектеп жастарын қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, олардың кәсіби қызығушылықтарын анықтауға қолдау көрсету және техникалық әрі кәсіптік білім берудің артықшылықтарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында оқушыларға заманауи өндіріс пен қызмет көрсету салаларында қажетті мамандықтар туралы мәліметтер ұсынылып, кәсіби білім алудың болашақтағы мансаптық мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, колледждегі оқу-тәрбие жұмыстары, материалдық-техникалық база, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен жұмысқа орналасу бағытындағы қолдау шаралары таныстырылды.
Мұндай кездесулер жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етіп қана қоймай, олардың еңбек нарығының талаптарын тереңірек түсінуіне және кәсіби дамуына бағыт-бағдар береді.