«Туған жерді түлеткендер» жобасы аясындағы кездесу

2025 жылғы 28 мамыр күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Шаншар» театрының негізін қалаушы Уәлибек Әбдірайымовтың 65 жас мерейтойына арналған «Сахнаның сатира сабазы» атты кездесу кеші өтті.
Кеш айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың арнау жырымен ашылып, мерейтой иесіне арналған бейнеқұттықтаулар мен жылы лебіздер ұсынылды.

Іс-шараға қатысқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің ұстаздары да мерейтой иесіне жүрекжарды құттықтауларын білдіріп, Уәлибек ағамен естелік суретке түсті. Ұстаздар өнер иесіне зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.
Мазмұнды кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, өнер мен руханияттың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.
 
 
 

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.