Жаңалықтар
«Педагогикалық тәжірибе алмасу: тиімді жолдар мен нәтижелер»
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде жас мамандарға арналған мазмұнды семинар өтті. Семинар барысында ардагер ұстаз Альзакова Райхан апай «Педагогикалық тәжірибе алмасу: тиімді жолдар мен нәтижелер» бағытында құнды ойларымен бөлісті.
Ағылшын пәнінің оқытушысы Зере Омар Genially, Baamboozle, Blooket және Flippity платформаларында жасалған интерактивті тапсырмаларды таныстырды. Бұл платформалар арқылы сабақтар ойын элементтерімен толықтырылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Оқытушының тәжірибесі жас мамандарға заманауи цифрлық құралдарды сабақта тиімді қолданудың нақты үлгісін көрсетті.
Семинар барысында жас ұстаздар сабақ сапасын жетілдірудің нақты әдістерін талқылап, тәжірибе алмасудың маңыздылығын сезінді. Бұл кездесу жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа идеяларға жол ашты.
Осындай игі шаралар білім сапасын арттыруға және ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.