Жаңалықтар
«ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ»: ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН СӘН ТОҒЫСҚАН КҮН

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі «Ұлттық киім» күніне орай ерекше іс-шара өтті. Ұлттық киімдер шеруінде 100-ге жуық ару қыздар сән көрсетілімін көрсетті. Алдымен университет ғимаратынан шыққан қыздар Арбат алаңына дейін жаяу жүріп, көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Көшедегі бұл көрініс нағыз ұлттық сән мен мәдениеттің мерекесіне айналды.
– Бүгінгі мерекенің басты мақсаты – асыл мұрамызды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және тарихи сананы жаңғырту. Қазіргі таңда ұлттық киімдер тек мерекелік сән емес, заманауи үлгіде жаңғырып, күнделікті өмірге батыл еніп келеді. Әуезов университетінде жұма сайын ұлттық киім кию дәстүрге айналған.
Сән көрсетілімінде ұсынылған «Бәйшешек», «Қызғалдақ», «Ханшайым», «Үкілі», «Жан нұры», «Ұлттық ритм», «Жаңғырық», «Көктем нұры», «Деним», «Көшпенді шик», «Замша көркі», «Тұнған тамырдан тамған таңғажайып», «Өрнек сыры» топтамалары көрермендерді ерекше әсерге бөледі.