Жаңалықтар
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай колледжімізде арнайы сұхбат ұйымдастырылды.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай колледжімізде арнайы сұхбат ұйымдастырылды. Бұл күн Наурыз мейрамын тойлау аясындағы маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Оның басты мақсаты – қазақ халқының мәдениетін, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау және жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында колледж ұстаздарымен мазмұнды сұхбат жүргізіліп, ұлттық салт-дәстүрдің маңызы туралы пікірлер айтылды. Ұстаздар өз сөздерінде қазақ халқының бай мәдени мұрасы, үлкенді құрметтеу, қонақжайлық, бата беру сияқты тәрбиелік мәні зор дәстүрлердің бүгінгі жастар тәрбиесінде ерекше орын алатынын атап өтті. Сұхбат барысында ұстаздар ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталып, жастарды өз халқының тарихын, мәдениетін және дәстүрін құрметтеуге шақырды. Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі.



