15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – Қайырымдылық күні ?

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушылары «Мейірім – жүректен» атты қайырымдылық бастамасын ұйымдастырды.

Бұл күн – айналамыздағы адамдарға жанашырлық танытып, көмек қолын созып, жүректегі мейірімді бөлісетін ерекше күн. Студенттер игі іске атсалысып, қайырымдылықтың қоғамдағы маңызын насихаттап, бірлік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетті.

Қайырымдылық – тек көмек беру ғана емес, ол – жүректегі жылу, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың белгісі. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірім мен ізгіліктің арта түсуіне себеп болады.

Жақсылық жасап жарысайық! Мейірім әр жүректен басталады

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.