Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде білім алушылардың қатысуымен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында әкелерге арналған шебер сабағы өткізілді. Іс-шара барысында отбасы тәрбиесіндегі әкенің маңызы, жауапкершілігі және бала дамуындағы рөлі талқыланды.