Жаңалықтар
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушыларына «Таза сессия» акциясы өткізілді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде білім алушылар арасында «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Акция «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыптарында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту.
Акция барысында сыбайлас жемқорлық ұғымына түсінік беріліп, оның қоғамға тигізетін зияны, заң алдындағы жауапкершілігі туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, құзырлы орган қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар, жастардың құқықтары мен міндеттері туралы баяндама жасады.
Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу барысында адалдық пен әділеттіліктің маңыздылығы, пара берудің және алудың салдары, кез келген жемқорлық көріністеріне төзбеушілік таныту қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара білім алушылар арасында адалдық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруға және жауапкершілікті азамат тәрбиелеуге бағытталды. #шымбіртұтас
#shymbirtutas