«Келісім мен ынтымақ – жетістіктің кепілі»

«Келісім мен ынтымақ – жетістіктің кепілі»

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде Шымкент қаласында дін қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға КМДБ-ның Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Ар-Рақиб» мешітінің Бас имамы Ержігіт қажы Мамытұлы қатысып, қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңыздылығы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында Бас имам діни тұрақтылық, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастар тәрбиесі және қоғамдағы ынтымақ пен татулықты нығайту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде: «Келісім мен ынтымақ бар жерде береке болады. Бірлігі бекем ел ғана биік жетістіктерге жете алады» – деп атап өтті.

Сондай-ақ, дін қызметкерлерінің қоғамдағы жауапкершілігі, жат ағымдардың алдын алу және рухани құндылықтарды насихаттаудағы рөлі талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар білдірді. @auezov_university #шымбіртұтас
#shymbirtutas
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.