Жаңалықтар
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушылары үшін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Төтенше жағдайлар — адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және мүлікке қауіп төндіретін табиғи немесе техногендік құбылыстар.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін:
• Қауіпсіздік ережелерін сақтау;
• Төтенше жағдайда әрекет ету жоспарын білу;
• Жедел қызметтердің нөмірлерін есте сақтау (101, 102, 103, 112);
• Құжаттар мен маңызды заттарды қолжетімді жерде сақтау қажет.
СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК (ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ)
Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау — адам өмірін қорғаудың басты жолы.
Дайындық кезеңінде:
• Үйдің беріктігін тексеру;
• Дәріқұты, шам және су қорын дайындау;
• Отбасымен эвакуация жоспарын келісу.
Жер сілкінісі кезінде:
• Егер ғимарат ішінде болсаңыз — үстелдің астына немесе берік қабырға жанында тұрыңыз;
• Терезелерден және ауыр заттардан аулақ болыңыз;
• Сабыр сақтап, тексерілген эвакуация жолдарын пайдаланыңыз.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ
Өрттің алдын алу — әр азаматтың міндеті.
• Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану;
• Газ плитасын қараусыз қалдырмау;
• Балаларға сіріңке мен өртке қауіпті заттарды бермеу;
• Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу;
• Эвакуация кезінде тыныс жолдарын қорғау үшін дымқыл мата қолдану.
ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Терроризм — қоғамдық қауіпсіздікке төнетін үлкен қауіп.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:
• Күдікті заттарды көрсеңіз, оларды ұстамаңыз және дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
• Қоғамдық орындарда күдікті адамдарды байқасаңыз, объектінің күзетіне немесе полицияға хабарлаңыз;
• Интернетте экстремистік мазмұндағы материалдарды таратпаңыз;
• Теракт кезінде сабыр сақтап, эвакуация бойынша нұсқаулықтарды орындаңыз.
@bilim_shymkent @112k
