ӘУЕЗОВ ҰЖЫМЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРІП, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы толық құрамда атсалысты.
Акция барысында колледж ұжымы оқу ғимараттарының айналасын, жатақхана аумақтарын, жаяу жүргінші жолдарын қоқыстан тазартып, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ағаштардан түскен жапырақтар түгелімен алынып, арықшаларға жиналған қоқыстар тазаланды.

Бұл бастама – ұжымның қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін көрсетумен қатар, студент жастарға экологиялық тәрбие берудің тиімді үлгісіне айналды.
Акция барысында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, ұжым мүшелері бірлікте еңбек етті.
Мұндай игі шаралар оқу ордасының барлық ғимараттарында жалғасты.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.