Жаңалықтар
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ЖЫЛЫ АЯСЫНДА «ДӘМ МЕН ДӘСТҮР КӨРМЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«Дәмді Fest-2025» фестивалі аясында ұйымдастырылған тағы бір маңызды іс-шара – «Дәм мен дәстүр көрме» байқауы. Бұл көрмеге Шымкент қаласының мектеп оқушылары белсене қатысты. Олар тек тағам дайындау шеберлігін ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениет пен дәстүрді бейнелейтін авторлық тағамдарын ұсынды.
Жас аспазшылардың ұлттық нақышта безендіріп, креативті түрде әзірлеген ерекше тағамдары көпшіліктің және қазылар алқасының назарына ұсынылып, жоғары бағаланды.
Көрме нәтижесінде қатысушылардың аспаздық өнерге деген қызығушылығы мен еңбегі ескеріліп, үздік деп танылған қатысушылар мен жетекшілері арнайы дипломдармен марапатталды.