Жаңалықтар
«ДӘМДІ FEST-2025»: 6 КОМАНДА «ӨНЕРЛІ АСПАЗ» АТАҒЫ ҮШІН БАҚ СЫНАДЫ
Бүгін университетімізде «Жұмысшы мамандық жылына» және Халықаралық аспазшылар күніне орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжі Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығымен бірлесіп, «Дәмді Fest-2025» атты ауқымды фестиваль ұйымдастырды.
Фестиваль аясында кәсіби шеберлікті шыңдауға арналған маңызды іс-шара – «Өнерлі аспаз - 2025» байқауы өтті. Байқауға қаламыздағы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын дайындайтын білім мекемелерінен жалпы саны 6 команда қатысты.
Фестивальдің салтанатты ашылуында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев сөз сөйлеп, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.Және де іс-шараның жас аспаздар үшін маңыздылығын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс аспаздық білім мен креативтілікті талап ететін төрт кезеңнен (командалардың өзін-өзі таныстыруы, кондитерлік өнердегі шеберлігі, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын жаңғырту, «Дәм Vibe» (Дәмді көңіл-күй): қатысушылардың аспаздық өнерімен қатар, сахналық шеберлігі мен креативті қойылымдарын көрсетуі) тұрды.
Қазылар алқасының құрамында белді мейрамханалардың шеф-аспаздары, танымал фудблогерлер және тамақ инженериясы саласының үздіктері болды. Олар қатысушылардың еңбегін әділ бағалап, болашақ аспаздарға кәсіби кеңестерін берді. Аспаздық сайыстың қорытындысы бойынша келесі оқу орындары жеңімпаз атанды:
Бас жүлдеге «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» аспаздары ие болды. І орын – М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі, ІІ орын – Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, ІІІ орын – «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-интернаты» лайық деп танылды.
Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!