Жаңалықтар
“Қарты бардың – қазынасы бар” атты тәлімгерлік сағат
Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ТҰн 25-1к және ҒСн 25-1к топтарының білім алушыларымен “Қарты бардың – қазынасы бар” атты тәлімгерлік сағат аясында қарттарға құрмет көрсету, оларға көмек қолын созуға тәрбиелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараны топ тәлімгерлері А.Е. Ахмаханова және А.Ә. Ерболат өткізді. Іс-шара барысында студенттер қарттармен сұхбаттасып, олардан өмірлік тәжірибе тыңдап, сый-сияпаттарын ұсынды. Бұл тәлімдік сағат жастардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталды.