Жаңалықтар
Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірі күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ" тақырыбында Қазақстан халқына жолдау жариялаған болатын. Жарияланған мемлекет басшысының жолдауын талдау мақсатында 03.09.2020 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде талқылау жиыны өтті. Жолдаудың басты мақсаты – тұрғын үйдің қолжетімділігіне, қолайлы отбасылық-демографиялық жағдайларға, жақсы экологияға, қолжетімді әрі сапалы білімге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне негізделген азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына бағытталғандығын өз баяндамасында айтқан колледж оқытушылары өз пікірлерін ортаға салды. Білім беру саласына қатысты айтылған ел Президентінің сөзін негізге ала отырып, оқу орын осы оқу жылына қатысты тың жоспарлар түзді.