Жаңалықтар
Құттықтаймыз!
2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы аясында «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылыми бағыты бойынша т.ғ.д., профессор С.Н. Әлібек жетекшілік ететін колледж ғалымдарынан құралған ғылыми топтың жобасы қолдау тапты.
Ғылыми жобаның атауы: ««ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: өңір архивтерінің жаңа материалдары және репрессия ұрпақтарының естеліктері негізінде»».
Ғылыми жобаны қаржыландыру көлемі: 89 646 011 тг.
Ғылыми жобада ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы Оңтүстік өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихын тұлғалар тағдырымен, олардың қоғамдық қызметін ұштастыра отырып, тың деректік материалдар негізінде, жаңа пайымдаулар тұрғысынан талдау жасалады. Сондай-ақ кеңестік кезеңде Оңтүстік өңіріндегі тоталитарлық террорға ұшыраған тұлғалар тағдырын жаңа архивтік деректер арқылы ашып көрсету мақсаты көзделеді. Профессор С.Н. Әлібек жетекшілік ететін ғылыми жоба мүшелерін құттықтай отырып, ғылыми ізденістер жолында толағай табыстар тілейміз!
