КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, ӘСКЕРИ ТАРИХШЫ ӘНУАР ИСМАИЛОВҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ!

Бүгін университетімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көрнекті ғалым, әскери тарихшы Әнуар Исмаилов және екінші дүниежүзілік соғыс тарихына жаңа көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл маңызды жиынға Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымы мен студенттері қатысты. Атап айтқанда Әскери ғылымдар академиясының президенті, т.ғ.д, профессор М.Ө. Серікпаев, Ұлттық қорғаныс университетінен әскери ғылымдарының докторы, профессор, генерал-майор – Ж. Х. Ахметов, ҚР ҰҒА академигі, профессор Д. П. Қожамжарова, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Р.Э. Халикова құттықтау сөз сөйледі. Ал М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры т.ғ.д., профессор, ғалымның төл шәкірті С.Н. Әлібек Ә. Исмаиловтың еңбектеріне тоқталып, оның ҰОС даңқты батыры С. Рахимовты алғашқылардың бірі болып зерттегенін тілге тиек етті. Конференцияда сөз алған басқа да ғалымдар Ә. Исмаиловтың екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Іс-шара соңында профессор Ә. Исмаиловтың аяулы жары мен ұрпақтары сөз алып, конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырған тараптарға алғысын білдірді.
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.