Жаңалықтар
"АРТ ЖБИ" ЖШС зауытына экскурсия өткізілді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 11.04.2025 ж. күні Әуезов атындағы ОҚЗУ-ң колледжі «07220100-Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндірісі» мамандығының 1-курс студенттері "АРТ ЖБИ" ЖШС зауытына экскурсия жасады.
Экскурсия барысында жастар өндіріс орнының жұмысымен танысып, еңбек адамдарының қызметін көрді. Студенттерге зауыттағы жабдықтар, қауіпсіздік ережелері және жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктері түсіндірілді.
"ART CONCRETE" компаниясы — 250-ден астам темірбетон бұйымдарын өндіретін Оңтүстік өңірдегі ең ірі компанияның бірі және 2011 жылдан бастап темірбетон бұйымдарын өндіруге маманданған.
Осындай өндіріс орындарына бару студенттерге болашақ мамандықтарын меңгеру жолында үлкен тәжірибе берері сөзсіз.