«Шым қала тарихы жастар көзімен» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Бүгін «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-не қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Шым қала тарихы жастар көзімен» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі ББн-23-1к, ББН-23-2к тобының студенттері қатысты. Іс-шара барысында колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, PhD доктор Е.Д. Пазилов «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін этнотуристік әлеуетін арттыру жолдары» атты тақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар, колледждің белсенді студенттері Шымкент қаласының археологиясы мен зерттеу тарихы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің қала тарихын насихаттаудағы рөлі, Мегаполис туризмін таныту мен дамытудағы жұмыстар, Шым қаланың бүгінгі мәдени тынысы, Шымкент қаласының этнографиялық ерекшеліктері бағыттарында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында белсенді қатысып, ой-пікірлерін ортаға салған студенттерге Алғыс хат табысталып, арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Image
Image
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.