«Думан» халықтық-жастар театры жаңа форматтағы қойылымын ұсынды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің жанындағы «Думан» халықтық-жастар театры «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында ерекше қойылымын көрерменге ұсынды.

Эксперименталды «Ақымақтың қойын дәптері» спектаклінің авторы әрі режиссері – Ерлан Ақылбеков. Қойылым барысында қоғамдағы өзекті мәселелер – кітап оқудың азаюы, әлеуметтік желілердің жас буынға ықпалы, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптары көркем түрде сахналанды. Жас әртістер қоғамдағы өткір мәселелерді әсерлі жеткізіп, көрерменнің көңілінен шықты.

Кеш қонақтары университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов жастардың шығармашылық ізденісіне жоғары баға беріп, олардың болашақ өнер жолына сәттілік тіледі. Қойылымды ОҚУ колледжінің студенттері де тамашалап, ерекше әсер алды.
Image
Image
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.