Жаңалықтар
Жылдың үздік студенті!
2025 жылдың 9 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжінің Есеп және аудит мамандығының І курс студенті Садуллаев Жамшидбек Мураджанович «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілді. Жетекшісі – Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы, магистр Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы.



