Жаңалықтар
«Жылдың үздік студенті»: Гүлнұр Жолманованың жеңісі!
06.01.2025 ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжінде «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Колледж әкімшілігі ІІ курс студенті Жолманова Гүлнұрды және оның жетекшісі, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы, магистр Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлын жеңісімен құттықтайды. Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.



