Жаңалықтар
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДА
Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты білім алушылардың, қызметкерлер мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында биылғы жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Төтенше жағдайға байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі қашықтықтан білім беруге технологиясына көшті. Білім алушыларға онлайн, оффлайн режімінде сапалы білім беру үшін педагогтарға вебинар жүргізілді.
Оқу бағдарламасы орындалып, студенттер университеттің ақпараттық ресурстарын пайдалана алуы үшін ғылыми кітапхана қолданушыларына қызмет көрсетудің ерекше режиміне ауысты, яғни білімгерлер университет қорындағы электронды кітаптарды оқу үрдісінде пайдалануға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Колледж білім алушыларының және олардың ата-аналарының сауалдарына уақтылы әрекет ету бойынша, студенттердің онлайн сабақтарда 100% қамтамасыз етілуі үшін колледж оқытушылары мен қызметкерлерінен топ жасақталып, қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қосымша студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыста болу үшін WhatsApp желісі арқылы чатта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орнатылған байланыстар арқылы сабақ барысына енуге арналған техникалық құралдары жеткіліксіз студенттердің жағдайы назарға алынып, колледж ұжымы жабдықтармен қамтамасыз етілді. Өтілген әрбір пәннің қорытындысын жасап, жұмыс күнінің соңында мониторинг жүргізілуде. Бүгін де қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттер жұмысы бірізді жүйеге түсіп, нәтижелі оқу үрдісін жүргізіп жатыр. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасауда зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін жүзеге асыруда колледж оқытушылары мен студенттері кейбір артықшылықтарды негізге алып, колледж ұжымы тиімді жұмыстар атқаруда.