Жаңалықтар
Бүгін Шымкент қалалық әкімшілігінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Шымкент қалалық жұмысшы тобының мүшелерімен кезекті кездесу өтті.
Бүгін Шымкент қалалық әкімшілігінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Шымкент қалалық жұмысшы тобының мүшелерімен кезекті кездесу өтті. Кездесуде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов өзі сөз бастап, Шымкент қалалық жұмысшы топтарының бағыт жетекшілері Жанысбекова Гүлнар, Исабекова Баршагүл, Әлібек Сейдехан сынды зерттеушілердің баяндамасын тыңдап, жалпы жұмыс барысының жағдайымен танысып, ортаға салған өзекті мәселелерімен бөлісті.
Қазақстандық әскери тұтқындарға байланысты зерттеу-зерделеу және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледж директоры Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы және Қазақстан тарихы пәні оқытушысы Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы қазақстандық әскери тұтқындарға байланысты жүргізілген жұмыстарды слайдтармен жүйелі түсіндіріп, тұщымды баяндама жасады.
Кездесу кешінің соңында Шымкент қалалық жұмысшы топ мүшелерін «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі қалалық комиссияның жұмысына белсенді араласып, ұлт тарихының ақтаңдақ беттеріне қатысты материалдарды жарыққа шығаруға үлкен еңбек сіңіргені үшін», Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов мырза алғыс хатпен марапаттады.